Оралда «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жасап шығарған «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Салтанатты рәсімде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Қазақстандағы катер шығаратын бірден-бір кәсіпорын - «Зенит» зауыты еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде бұған дейін 25 кеме жасап шығарған болатын. Ол кемелер қазіргі таңда Каспий теңізінде ел тыныштығын күзетуде. Бүгінгі су жаңа «Маңғыстау» кемесі қазіргі заманғы талаптарға сай келеді. Бұл қай салада болсын, Қазақстанды жаңғырту жөніндегі Елбасы тапсырмаларының орындалып отырғандығын көрсетеді. 
null 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, бүгінгі кеме түсіру салтанаты - Елбасы Жарлығымен өткен жылғы қазанда құрылған жаңа министрліктің алғашқы үлкен мерекесі.

«Елбасымыз экономиканы жаңғырту бағытында алдымызға үлкен мақсат-міндеттер қойып отыр. Қазіргі таңда су ығыстырылымы 600 тоннаға дейін жететін кемелер құрастыратындай мүмкіндік бар. Осылайша Қазақстан өз кемелерін жасап отырған қуатты елге айналып келеді. Сол үшін «Зенит» зауытының ұжымына, инженерлері мен конструкторларына алғыс айтқым келеді. Алдағы уақытта  бұл зауыт Шаған өзеніне сыймайтын алып кемелерді жасай алады. Сондықтан «Зенит» зауытының мүмкіндіктерін Каспий жағасына жететіндей етіп кеңейту керек. Яғни болашақта зауыт мамандары Каспий теңізі жағасында алып кемелерді жасап, оны дамыту бағытында қызмет атқара алады», деді министр Бейбіт Атамқұлов.
null 

Айта кетейік, «Зенит» зауытында құрастырылған «Маңғыстау» кемесі ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің қажеті үшін арнайы тапсырыспен дайындалды. Бұл Әскери-теңіз күштеріне берілетін осындай тұрпаттағы төртінші кеме болып табылады. Бұрынғыларына қарағанда, бұл кемеде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес қару-жарақ жаңартылып, атқарылатын міндет ауқымы кеңейтілген. Мысалы, онда қарулы жүзгіштерді қосқанда, суасты қауіптерді анықтайтын құрал-жабдық орнатылған. Құрастыру кезінде осындай кемелерді пайдаланатын әскери бөлімдердің ұсыныс-тілектері де ескерілген.

nullnullnull 

Соңғы жаңалықтар