Оралда қоқыстан 20-дан астам иттің өлексесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қала шетіндегі қоқыс алаңынан 20-дан астам иттің өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануарлардың өліктері қаладағы «Жұлдыз» шағын ауданынан Зеленов ауданының Достық (РТС) ауылына қарай шығатын жолдың бұрылысындағы қоқыс алаңынан табылған. 

Орал қалалық ветеринарлық станса директоры Абылай Мұқаевтың айтуынша, өлтірілген иттерді мұнда кімдердің әкеліп тастағаны әзірге белгісіз. Бұлардың дротикпен (дәрі салып ататын ине) атылғанына бір айдай уақыт болған.

«Бұл біздің ине емес. Қалада жақын маңдағы аудандардағы иттерді аулаумен айналысатын «Ветсервис» ЖК бар. Біз иттерді аулаған кезде міндетті түрде өлген малды көметін жерге жеткіземіз. Бұдан бұрын да осындай оқиғалар қалаға қарасты Зачаган және Круглоозерный кенттерінде тіркелген еді. Яғни, біреулер иттің өлекселерін тастап кеткен. Бүгін біздің міндетіміз болмаса да, «Жұлдыз» шағын ауданынан табылған иттердің өліктерін жинастырып, мал көметін жерге апардық», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне А.Мұқаев.

Орал қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов бұл мәселеден жергілікті полиция қызметі хабардар екендігін, олар да тексеріс жүргізетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар