Оралда Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай үздік жарияланым иелері марапатталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай БҚО ішкі істер департаментінде салтанатты шара болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Аблазимов журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәртіп сақшыларының жұмысын жария етудегі еңбектерін атап көрсетті. Департаменттің алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі сауалдарына уақытылы жауап беріп, бірлесе қызмет жасай беретінін жеткізді.

null

Шара барысында БАҚ өкілдеріне түрлі марапаттар тапсырылды. Соның ішінде «Қазақстан - Орал» телеарнасы, «Жайық Пресс» ЖШС және облыстық «Приуралье» газеті редакциясының басшылары Асланбек Ғұбашев, Жантас Сафуллин, Роза Сыйқоваға «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі табыс етілді. Оған қоса Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған байқау қорытындылары да жария етілді. «Қазақстан - Орал» телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА және «Приуралье» газеттерінің тілшілері Даля Насипова, Ғайсағали Сейтақ, Саида Төлегенова үздік жарияланым иелері атанды.

null
Бүгін сондай-ақ облыстық сотта да осындай жиын өтті. Онда БҚО соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов журналистерді мерекемен құттықтап, сот саласында жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар ете келіп, БАҚ өкілдерімен ашық та жария түрде жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді. Сот жұмысын үзбей насихаттап келе жатқан басылымдар мен электронды ақпарат құралдары, жекелеген журналистер алғысхаттармен марапатталды.
null

Соңғы жаңалықтар