Оралда ғарыштық технологияны дамытуға арналған форум өткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бағытында ғарыштық технологияны дамыту мәселелеріне арналған «Еуразия өзен аралығы: өндіріс, ғылым және білім ықпалдастығы» атты VІІ халықаралық ықпалдастық форумы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҚО әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы және «КазИИТУ» ғылым-білім кешені бірлесіп ұйымдастырған, Қазақстан, Ресей, АҚШ-тан келген ғалымдар қатысқан жиында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтің атап өткеніндей, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инновация мен көлік технологияларын дамытуға айрықша көңіл бөлінгені белгілі.

null

Қазіргі таңда Қазақстанда 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы қабылданып, жүзеге асырылуда. 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Аталмыш салада «Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттік» АҚ арқылы қолдау көрсетілуде, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес инновациялық гранттар берілуде. 2012 жылдан бері өз ісін бастаған 60 кәсіпкер 130 млн. теңге көлемінде мемлекеттік инвестициялық грантқа ие болды. Биыл бұл мақсатқа 47 млн. теңге бөлініп отыр. Облыста ғылыми-техникалық, қамқоршылық кеңестер жұмыс жасауда. Сондықтан жаңашыл жандарға қолдау көрсетіле беретін болады.

null 

Форумда Қазақстан өнеркәсібі саласында қуат үнемдеу технологиясын қолдану, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында қазіргі заманғы үлгілерді пайдалану мәселелері сөз болды. Сондай-ақ кеңестік дәуір кезінде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде ракеталық-ғарыштық қызметтің атқарылып, түрлі қарулардың сыналғаны да айтылмай қалған жоқ. Мұның зардаптарын өңір тұрғындары әлі күнге дейін тартып келеді. Сонымен қатар ғарышты игеруге қатысқан қазақстандық маман-ғалымдардың ұмыт қалмауы да маңызды.

Форум барысында робот техникасы мен инновациялық технология көрмесі ұйымдастырылып, ғалымдар пікір алмасты. Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы мен «КазИИТУ» ғылым-білім кешені арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

null

Соңғы жаңалықтар