Оралда БАҚ өкілдері арасында спартакиада мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Орал» спорт кешенінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған БАҚ өкілдері арасында спартакиада мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


«Намыс» спорт клубы ұйымдастырған турнирде республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері шағын футбол, волейбол, дойбы, үстел теннисі, арқан тарту және «көңілді сөреден» сынға түсті. Турнир барысында «Қазақстан Орал» телеарнасы шағын футбол, арқан тарту және «көңілді сөреден» үздік шықса, волейболдан «Жайық Пресс» ЖШС командасы жеңімпаз атанды. Үстел теннисі мен дойбыдан «Пульс города», «Жайық үні», «Уральский репортер», «Ел және мұғалім» газеттерінің біріккен командасы озды.

Жалпыкомандалық есепте «Қазақстан Орал» телеарнасы бірінші, «Жайық Пресс» ЖШС екінші, «Баспасөз хатшылары» командасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз-жүлдегерлерге кубок, медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Жарысқа «ОралТазаСервис» ЖШС (басшысы Азамат Бисенов) демеушілік етті.

Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұханбетовтің айтуынша, үнемі жаңалықтың жаршысы болып жүретін БАҚ өкілдері арасында мұндай спартакиаданы өткізудің маңызы зор. Бұл олардың спортта шынайы бәсекелестігін көрсетіп, салауатты өмір салтын орнықтыруға септігін тигізеді. 


Соңғы жаңалықтар