Оралда әлеуметтік желіде аналарды алдап келген алаяқ қыз ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҚО-да 18 жастағы қыз Instagram-да интернет-дүкен ашып, балалар заттарына тапсырыс жинаған, деп хабарлайды «Мой город».

Орал ІІД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің сөзіне қарағанда, жас қыз келіншектерді алдап, заттардың алдын ала ақшасын жинап алған, бірақ тауардың өзін бермеген.

«Клиенттеріне өзін Елена деп таныстырған Зелен ауданының тумасы әлеуметтік желідегі парақшаларына балалар заттарының фотоларын салып, ақша жинаған. Бұдан тыс, WhatsApp-та «Совместные закупки» деген топ ашып, оралдық әйелдерден тапсырыс қабылдаған. Сосын ол клиенттеріне өзінің арнайы бір күні қалада болып, тауарларын тарататынын айтқан. Ақшаны ол киви-кошелек арқылы жинаған. Оның бәрін бойжеткен өз қажетіне жаратып жіберген», - деп мәлімдеді Нұрлан Бисенов. Ол әр адамнан әртүрлі - 4 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ақша жинаған.

9 қазанда бойжеткен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағына тоғытылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы («Алаяқтық»), 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қыздан жәбір көргендердің барлығынан Орал қалалық ішкі істер департаментіне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар