Орал қаласының бюджеті 24,4 млрд. теңгеден асып отыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының биылғы бюджеті 24 млрд. 419 млн. 870 мың теңгені құрап отыр. Соның ішінде 10,4 млрд. теңге білім, 4,5 млрд. теңге құрылыс және 2,5 млрд. теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бөлінді. Депутаттардың міндеті - заң шеңберінде бөлінген қаржының орынды әрі тиімді жұмсалуын және уақытылы игерілуін қадағалау, үнемделген немесе игерілмеген қаржыны тұрғындар мен қала шаруашылығының өткір мәселелерін шешуге бағыттау. Бұл туралы №9 сайлау округі бойынша сайлаушылар алдында есеп берген Орал қалалық мәслихатының депутаты, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Оның айтуынша, бір жыл мерзім ішінде, яғни 2016 жылғы наурыздан бері қалалық мәслихаттың 9 сессиясы болып, онда қала өміріне қатысты ең өзекті мәселелер, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бекітілген бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.

null

Депутаттың қала бюджетін талқылау мен қабылдауға қатысуы аса маңызды болып табылады, өйткені қаржы көздерін тиімді бөлу мен жұмсау, түптеп келгенде, әр тұрғын мен отбасының әл-ауқатына, олардың өмірлік мәселелерінің шешілуіне ықпал етеді. Әр сессияда дерлік ағымдағы жағдайға және туындаған мәселелерге сәйкес қала бюджетіне түзетулер енгізіліп отырады. Мысалы, бюджетті нақтылау барысында 2016 жылдың тамызында аула аумақтарын абаттандыруға 344 млн. теңге, Зачаган кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын жалғастыру мен инженерлік-коммуналдық желілерді тартуға 1,5 млрд. астам теңге бөлінді. Қыркүйектегі сессияда жол-көпір шаруашылығын күтіп ұстауға 295 млн. теңге қарастырылды. Өткен жылы қала бюджеті үш рет нақтыланды.

null

«Әлеуметтік мәселелер және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі ретінде қала өміріне барынша жиі араласып келемін. Мысалы, өткен жылы 70 сауал жолданса, соның 37-сіне нақты жауап келді. Депутаттық сауалдың пәрменділігіне мысал ретінде тұрғын үйлерде газ жабдықтарын техникалық қараудан өткізудің бағасын негізсіз өсіру дерегі бойынша қабылданған шараны айтуға болады. Осы мәселе бойынша Алмазов көшесі 60-үйде тұратын қала тұрғыны Л.Самойлова маған шағымданды. Сол бойынша монополияға қарсы мекеме мен прокуратура «РЦКУ - Уральск» ЖШС-ның қызметін тексерді. Соның нәтижесінде бағаны негізсіз өсіргені үшін аталған мекемеге айыппұл салынды, ал тариф көлемі 4 конфоралық плита үшін 1446 теңгеден 1056 теңгеге дейін кемітілді. Оңды нәтижелер қатарында қоғамдық көліктегі жолақыны 80 теңгеге дейін көтеруді мақұлдаған қалалық қоғамдық кеңес шешімінің тоқтатылуын айтуға болады. Сол секілді жер телімі кезегін реттеу, округ аумағында аулаларды абаттандыру, балалар аула клубтарын құру, қарапайым спорт алаңдарын салу да үнемі назарда. Айталық, 2016 жылға жоспарланған 30 ауланың ішінде №9 округ аумағына жататын бірі де болған жоқ. Қала әкімінің атына тиісті ұсыныс енгізу нәтижесінде биылға округтегі үш ауланы абаттандыруды өткізу жөнінде конкурс жарияланды, тағы бесеуінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. 

null

2017 жылғы жоспар туралы айтқанда, №9 сайлау округі бойынша мынадай шаралар жоспарланғанын жеткізгім келеді. Біріншіден, Т.Шевченко, О.Исаев көшелерінде Ә.Әйтиевтен Д.Нұрпейісова атындағы көшеге дейін күрделі жөндеу, М.Ықсанов көшесінде Чагано-Набережнаядан Рубежин көшесіне дейін қайта құру жұмыстары жалғасады. Екіншіден, Ж.Досмұхамедов, Қ.Ахмеров, Ә.Кердері көшелерін күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Оған қоса Дәулеткерей көшесін Чагано-Набережнаядан Елизаров көшесіне дейін жөндеуге ЖСҚ дайындау көзделуде. Үшіншіден, Мұхит көшесі бойындағы 46/3, 46/4 және Досмұхамедов бойындағы 77/1 тұрғын үйлерінің аулаларын абаттандыруға мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды. Қазіргі кезде Сарайшық, 56, Д.Нұрпейісова, 14/1, 14/2, 14/3, Құрманғазы, 165-үйлерінің аулаларын абаттандыруға ЖСҚ әзірленуде. Төртіншіден, қалалық бейітті абаттандыруға қаржы бөлінеді. Соған сәйкес бейіт қоршалып, ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі», -деді Ж.Сафуллин.

null

Жиын барысында сайлаушылар депутатқа сұрақтар қойып, жауап алды және ұсыныс-тілектерімен бөлісті.

null  

Соңғы жаңалықтар