ОПЕК елдері мұнайды өндіру көлемін қысқартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК елдері қараша айында мұнайды өндіру көлемін қазан айымен салыстырғанда 133  мың баррелге қысқартты, деп жазады Анадолы.

Мұнай нарығы туралы ОПЕК-тің есебіне қарағанда, қара алтынға деген әлемдік сұраныс  қараша айында тәулігіне 840 мың баррелге өсіп, 97,44 млн баррелге жетті.

Қараша айынша ОПЕК құрамына кірмейтін елдерде мұнай өндіру көлемі 810 мың баррелге өсіп, тәулігіне 57,82 млн баррелді құрады.

Соңғы жаңалықтар