ОПЕК аясында Қазақстан мұнай өндіруді қысқарта ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК уағдаластығына байланысты Қазақстанның мұнай өндіру көлемін қысқарту мәселесі бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұнай өндіруді шектеу туралы келісім бойынша екі негізгі келіссөз жүргізуші  - олар Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясы. Олар алдын ала консультацияларды жүргізуде. Сәуір және мамырда келісім мерзімін ұзарту тұрғысында ОПЕК аясында консультациялар өтеді деп күтілуде. Осы орайда мен әріптестермен сөйлескен болатынмын. Бүгінде нақты тұжырымды айта алмаймын, себебі  мерзімді ұзартудың ұстанымдарын білмей отырмын»,-деді Бозымбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Сонымен қатар министрге «Қазақстан мұнай өндіру көлемін қаншалықты қысқарта алады?» деген сауал қойылды. Өз кезегінде Бозымбаев еліміз мұнай өндіру көлемін қасқарпайтынын, біз тек арттыра алатынымызды жеткізді.

Осы орайда ол ОПЕК елдері тарапынан мұнай өндіру көлемін қысқарту бойынша міндеттемені орындау бағытында бірыңғай әдістеме жоқ екенін түсіндірді.

«Мәселен, Ресей кезең-кезеңмен орындауда, яғни 300 мың баррельге қысқартуы тиіс болатын. Қаңтар айында біз өзіміздің міндеттемені асыра орындадық, 20 мың баррельден астам шектеу болды, ақпанда біршама аздау. Наурызда бізде өндіру көлемі сәл артықтау болады, ал сәуірде өндіру көлемі азаяды деп күтудеміз. Бұл бірқатар факторларға байланысты. Оның ішінде табиғи-климаттық, сондай-ақ пайдалану мерзіміне орай еліміздің әр бөлігінде кен орнындағы жағдайға қатысты болып отыр. Ірі кен орындарының көбісі жылына өндіру көлемін миллион тоннаға дейін азайтты»,-деп нақтылады Қ. Бозымбаев.

Энергетика министрі Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары алдағы уақытта ұлғаятынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы айдың басында Қанат Бозымбаев Қазақстан ОПЕК елдері алдындағы міндеттемесін орындап жатқанын айтқан еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар