Оңтүстік Осетия Алания мемлекеті болып өзгертілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 сәуірде өткен референдумның соңғы деректеріне сәйкес, Оңтүстік Осетия Республикасы Алания мемлекеті болып өзгертіледі, мұны республиканың 80 пайызы қолдады.

Бұл туралы дауыс беру нәтижесін шығару бойынша отырыста ОСК басшысы Белла Плиева айтты, деп хабарлады ТАСС. «Референдум өтті деп саналсын. «Жақтап» - 80 пайыз адам дауыс берді», - деді ол.

Плиева жаңа атауды 25123 адам жақтап, 6466 адам қарсы болған.

Өзгеріс жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Жексенбі, 9 сәуірде, Оңтүстік Осетияда президент сайлауы өтті. Сонымен қатар республика азаматтары Алания Мемлекеті (бұл ретте Оңтүстік Осетия Республикасы атауы тең мәнді ретінде сақталады) деп аталғанына келісесіз бе деген сұраққа жауап берді. Сайлау мен референдум өтті деп танылды. Халықтың 80 пайызы дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар