«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі алып ұлды дүниеге әкелді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында әскери қызметшінің отбасын алып нәресте толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 01731  әскери бөлімінің қызметшісі сержант Балғын Күнтаева өмірге салмағы 5,3 келі ұлды әкелді. Алып нәрестеге Мансұр деп ат қойды. Бір қызығы, Балғын үшін мұндай салмақ рекорд емес. Алғашқы ұлдары Тайыр тіпті 6 600 тартқан. Екінші ұлдары 5,2 килограмм болған»,- деді ҚазАқпарат тілшісіне  өңірлік қолбасшылық баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Мухаринова.




Шаңырақ  иесі Думан Күнтаев (запастағы офицер) аса қуанышты, енді оның отбасында тап ертектегідей  үш ноян бар.

Балғын Күнтаевты перзентханадан шығарып алуға зайыбы екі ұлымен, туған-туыстары ғана емес, әскери киімдегі қызметтестері де  келді. Олар әріптестерін алып ұлды дүниеге әкелуімен құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар