Оңтүстік Корея мен КХДР ортақ хоккей командасын құратын болды

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Оңтүстік Корея мен КХДР хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келді. Сондай-ақ екі ел Пхёнчханде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде спортшылардың бірлескен процессиясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ренхап агенттігі. 

Солтүстік Корея 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға 400 адамнан тұратын делегация жібермек. Тараптар мұндай келісімге ҚХДР спортшыларының Олимпиадаға қатысуы талқыға түскен мәжіліс барысында, сәрсенбі күні келген.

Аталмыш келісім екі елдің ұзақ уақыттан бері суыған қарым-қатынастарынан кейінгі үлкен серпіліс болғалы отыр.

Егер халықаралық ортақ команда осы аптада өтетін Олимпиада комитетінің кездесуінде мақұлданатын болса, бұл кореялық екі мемлекеттің Олимпиада ойындарына алғаш рет ортақ команда ұйымдастыруы болады.

Оңтүстік Кореяның Біріктіру ісі жөніндегі министрлігінің өкілі ортақ команда құру мен Олимпиаданың ашылуында өтетін бірлескен процессия оңтүстік және солтүстік Кореяның бірлігін көрсететінін мәлімдеді.

Келіссөздерден кейінгі мәлімдемесінде Солтүстік Корея қысқы Олимпиадаға 230 адамнан тұратын қолдау тобын және 30 адамнан тұратын тхэквонда өкілдерін жіберетінін айтты. Бұған қоса, ҚХДР Олимпиадаға өзінің 140 бишілері мен музынканттарын жібермекші.

Ренхап агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея кореяаралық шекараны басып өту үшін жермен жүріп өтетін бағытты алғаш рет 2016 жылы ұсынған.

Наурыз айының ортасында өтетін паралимпиада ойындарына келетін болсақ, Солтүстік Корея бұл шараға 150 адамнан тұратын спортшылар мен қолдаушы топты жібермек.

Соңғы жаңалықтар