Омыртқасына ота жасатқан Аман Төлеев Кемеровоға оралды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Кемер облысының губернаторы Аман Төлеев Мәскеуде омыртқасына ота жасатып, ем алғаннан кейін Кемерво облысына оралды.

«Губернатордың ұшып келгенін растаймыз», - делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Төлеев чартерлік рейспен жеткізілді.

«Рейс жолаушысы жедел жәрдем автокөлігінің көмегімен тасымалдануы мүмкін. Рейс жолаушысын күтіп алушылар арасында губернатордың медицина саласы бойынша орынбасары Валерий Цой болды», - деп хабарлайды VSE42.Ru порталы.

Қазір губернатордың жағдайы қалыпты.

Аман Төлеев Кемерово облысы губернаторының қызметіне 1997 жылдың 1 шілдесінде сайланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар