18:28, 04 Желтоқсан 2016 | GMT +6
Олимпиада жүлдегері Ниязымбетов маңғыстаулық боксшыларға 25 млн теңге ұтуға көмектесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Конфедерация кубогының ақтық сайысында 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бастаған маңғыстаулық былғары қолғап шеберлері астаналық қарсыластарын ұтты - 6:4, деп хабарлайды Sports.kz.
Еске сала кетсек, грек-рим және еркін күрес, таэквондо, дзюдо және бокстан командалық жарыстар өткізілген конфедерация кубогы елімізді тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оның жалпы жүлде қорры 125 миллион теңгеден асады.