Олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер медальсіз қалды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер 5000 метр қашықтықтағы эстафеталық жарысты 6-шы орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эстафета жарысының «Б» финалында отандастарымыз АҚШ және Жапония спортшыларымен бірге сынға түсті. Аталған  жарыста  ел намысын  Абзал Әжғалиев,  Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша және Еркебұлан Шамұханов қорғады.

Нәтижесінде жерлестеріміз эстафетаны жүлдесіз аяқтады. Осылайша бүгін Пхенчхан Олимпиаданың шорт-трек жарыстары өз мәресіне жетті.

Айта кетейік, осы эстафеталық жарыста Венгрия, Қытай, Канада шорт-трекшілері медальдарды өзара бөліп алды.

Соңғы жаңалықтар