Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар эстафетада 8-орын алды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шаңғыдан ерлер арасындағы эстафетада отандастарымыз 8-орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эстафета жарысында Қазақстаннан Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко және Денис Волотка сынға түсті. Бірақ, қазақстандық спортшылар жүлделі орындардан көріне алмады.

Бас жүлдені Норвегия құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Олимпиада туы астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік команда қанжығасына байлады. «Қолаға» франциялықтар ие болды.

1. Норвегия - 1:33:04.9

2. Ресей - +9.4 

3. Франция - +36.9

8. Қазақстан - +3:31.4.

Соңғы жаңалықтар