Олимпиада: Қазақстандық конькишілер 1000 метрде жүлдесіз қалды

None
None
  ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан 1000 метр қашықтықта сынға түскен отандастарымыз жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сында Қазақстан құрамасының намысын үш бірдей конькишіміз қорғады. Олар - Денис Кузин, Федор Мезенцев және Станислав Палкин.
null null 

Аты аталған спортшыларымыз арасынан ең үздік нәтижені Денис Кузин тіркеді. Ол аталған қашықтықты 1:10.13 уақытта 27-ші орынмен бағындырса, Станислав Палкин (1:10.149) 29-шы орынмен, ал үшінші отандасымыз (1:10.62) мәре сызығын 36 спортшының ішінен 33-ші болып кесті.

Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар