Олимпиада чемпионы тұрмысқа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы, америкалық Тара Липински тұрмысқа шықты.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

35 жастағы спортшының қалаулысы Fox Sports телеарнасының продюсері Тодд Капостаси болды.

Неке қию рәсімі 24 маусым күні Чальстонда өтті, қалыңдықтың қыз жолдасы бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы Джонни Вейр болды.

Липински 15 жасында 1998 жылы Наганодағы Олимпиада ойындарының чемпионы болған. 17 жасында спортшы кәсіпқой боксқа ауысып, 19 жасында жарақаты салдарынан мансабын аяқтаған. 

Соңғы жаңалықтар