Олимпиада-2018: Закурдаев алып слаломда 51-ші болды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында алып слаломнан сайыстар өтті. Бұл жарыста қазақстандық тау шаңғышы Игорь Закурдаев бақ сынады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Закурдаев  екі мүмкіндіктің қорытынды есебі бойынша жеңімпазға 17 секунд ұтылып, жарысты 51-ші орында аяқтады. Аталған додада бас жүлдені австриялық Марсель Хершер жеңіп алса, күміс жүлдені норвегиялық Хенрик Кристофферсон иеленді. Ал үздік үштікті франциялық Алексис Пинтураль түйіндеді. 

Соңғы жаңалықтар