Олимпиада-2018: Норвегия бүгін Германияны басып озды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін Норвегия құрамасы Германияны басып озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, әзірге Қазақстан құрамасында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальмен жалпы есепте 25-ші орында келеді.

Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша жалпы есепте бірінші орынға Норвегия құрамасы көтерілді. Олар 9 алтын, 9 күміс және 8 қола (26) медальмен көш бастады. Ал екінші орынға жайғасқан Германия елінің қоржынында әзірге 9 алтын, 5 күміс және 4 қола жалпы (18) медаль бар. Германия елі Норвегиядан алтын медальдар саны тең болғанымен күміс, қола медальдар саны жағынан қалып келеді.

Ал үздік үшінші орынды Нидерланды елінің құрамасы түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 6 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль (13) бар. Ал төртінші орында келе жатқан Канада құрамасының еншісінде 5 алтын, 5 күміс және 6 қола (16) медаль болса, үздік бестікті түйіндеп тұрған АҚШ құрамасының қоржынында 5 алтын, 3 күміс және 2 қола (10) медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 мадаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар