Олимпиада - 2018: Қазақстандық биатлоншы қыздар жүлдесіз аяқтады

None
None
  ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншыларымыз жүлделі орындардан көріне алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін биатлоннан әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафетада отандастарымыз  Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина қатысқан болатын. Өкінішке қарай, отандастарымыз жарысты 14-ші орынмен аяқтады.
null null null null null 

Эстафетаның бас жүлдесін  Белорусь спортшылары жеңіп алса, күміс жүлдені Швеция командасы қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Франция құрамасына бұйырды.

Фото: Ізтұрған Алдауев

Соңғы жаңалықтар