Олимпиада-2018: Батысқазақстандықтар Алексей Полторанинге жеңіс тілейді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Олимпиадаға қатысып жатқан қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында бүгін Оралда шаңғымен жүру шарасы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Атамекен» лагерінде өткен дәстүрлі шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өз лебізін білдірді.

«Батыс Қазақстан облысының спорт сүйер жұртшылығы атынан салауатты өмір салтын қолдайтынымызды білдіріп, жастарды спортпен айналысуға шақырамыз. Қазіргі кезде қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына қатысуда. Ертең 50 километр қашықтықта Қазақстанның басты үміті Алексей Полторанин жарыс жолына шығады. Біз оған жеңіс тілейміз», деді Ғ.Оспанқұлов.

Өңір басшысының орынбасары сондай-ақ Ақтөбе облысының шаңғы эстафетасын қабыл алып, оны солтүстікқазақстандықтарға тапсыратынын жеткізді.
null 

Шараға қатысушылар 3 шақырымдай қашықтықты шаңғымен жүріп өтті. Олардың арасында Рио Олимпиадасының әйелдер күресінен қола жүлдегері Екатерина Ларионова бар.

Айта кетейік, Оралда «Aqjayq SkiFest-2018» қысқы ойындар фестивалі өтуде.
null 

Батыс Қазақстан. ҚазАқпарат. 

Соңғы жаңалықтар