Олимпиада-2018: Айза Мамбекова қысқа бағдарламада өнер көрсетті

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Айза Мамбекова қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы мұз айдынға 9-шы болып шығып, 44.40 ұпай еншіледі. Енді ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін жарысқа қатысып жатқан 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.

Айта кетейік, санаулы минуттардан кейін, жарыс алаңына тағы бір отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева шығады. Ол мұз айдында 23-ші болып өнер көрсетеді.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар