Ольга Рыпакова Шанхайдағы «Гауһар лигаға» шақырту алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика клубының үш спортшысы 12 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтетін «Гауһар лигаға» шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының таратқан мәліметтеріне сүйенсек, олардың арасында қазақстандық Олимпиада чемпионы  Ольга Рыпакова да бар. Алайда, отандасымыздың аталған додаға қатысу-қатыспауы белгісіз. Өйткені спортшы әлі толық бабына келмеген.

Ал өзге атлеттерден кениялық желаяқтар Норе Джируто мен Дейзи Джепкимей 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысады.

Шанхай - «Гауһар лиганың» екінші кезеңін қабылдайды. Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру мен 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру осы кезеңде алғаш рет қосылады.

Айта кетейік, «Гауһар лигаға» биылғы маусымда Altay athletics клубынан тағы бір кениялық желаяқ Каролин Кипкируи өнер көрсетеді. Ол 5 000 метрге жүгіруге бейімделген. Каролин 25-26 мамырда АҚШ-тың Юджин қаласында өтетін кезеңге қатысады.

Былтырғы маусымда Ольга Рыпакова финалда үш қарғып секіруден жеңіске жеткен. Каролин Кипкируи 5 000 метрге жүгіруден екінші орын алды. Нора Джируто 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдегер болған.

Соңғы жаңалықтар