Ольга Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде 6-орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Монакода өтіп жатқан «Гауһар лигасының» кезеңінде үш қарғып секіруден алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рыпакованың ең жақсы нәтижесі - 14,12 метр. Жеңімпаз 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы колумбиялық Катерине Ибаргуэн болды (14,18 метр). Екінші орынды соңғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері венесуэлалық Юлимар Рохас (14,86) иеленді. Ал үшінші орын Ямайка өкілі Кимберли Уильямсқа (14,154) бұйырды.

«Гауһар лигасының» келесі кезеңі 20 тамыз күні Англияның Бирмингем қаласында өтеді. Ал оның алдында, яғни 13-15 тамыз аралығында Ұлыбританияда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Ольга Рыпакова қатысатын болады. 

Соңғы жаңалықтар