Оқушылар дене тəрбиесі пəнінің мұғалімі ұрды деп шағымданды - ОҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі сабақ үстінде қол көтереді деген шағыммен прокуратураға жүгінді, деп хабарлайды TVK. 

Облыстың бас прокуроры Ибрахим Имановқа жолданған анонимді хатта бұрынғы боксшы, қазіргі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің сабақ сайын балаларға күш қолданатыны жазылған. Шағым Мақтаарал ауданының прокуратурасына жіберілді. Прокурор 28 сәуірге дейін істің мән-жайын анықтап, қорытындысын шығаруға тапсырма берді. Оқу мекемесінің директоры мұндай қатігез сабақтар туралы ештеңе білмегенін айтуда.

«Мектеп директоры ретінде бұл жағдай туралы ештеңе білмеймін. Оқушылардың сабақта жарақат алғандары туралы еш мәлімет жоқ», - дейді Сегізбай Жанысбаев.

«Біз дене тәрбиесінен сабақ беретін мұғаліммен сөйлестік, ол балаларға күш қолданбағанын айтты», - деп толықтырды Мақтаарал ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Ғалымжан Сапаров.

31 жастағы мұғалім бұл мектепте 2010 жылдан бері жұмс істейді. Ол ешқашан бокспен айналыспағанын мәлімдеді.

«Маған тағылған бұл айыптаулармен келіспеймін. Менің боксқа еш қатысым жоқ, өзімнің спорттық үйірмем бар, бірақ онда тоғызқұмалақ ойнаймыз», - деп ақталды мұғалім Сәбит Сейітқұлов.

Сондай-ақ, аудандық білім беру бөлімі жанындағы арнайы комиссия аталған істі тергеп жатыр. Шағымды кімнің жазғаны белгісіз, мектеп оқушылары да мұғалім секілді бұл іске қатысы жоқтарын айтуда.

Соңғы жаңалықтар