ОҚО-ның тәртіп сақшылары арасында «Парасатты полицей» байқауы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары арасында «Парасатты полицей - 2017» шығармашылық байқауы өтті. 

null
Жыл сайын өткізіліп тұратын шараға бұл жолы қала, аудандардан келген 100-ге жуық қызметкер қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара ішкі істер органы қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. 16 команда құрамындағы қатысушылар көпшіліктің алдында өз өнерлерін ортаға салып, кәсіи біліктіліктерін байқатты. Өз ойларын мемлекеттік тілде еркін жеткізіп, әртістік қабілеттіктерін көрсетті. Үш кезеңнен тұратын сайыс тартысты өтті. Әрбір команда өздерін таныстырып болған соң, алдын ала дайындап келген үй тапсырмаларын орындады. Сахналық қойылымдар қоюмен қатар, талапқа сай бейнероликтерін көрсетті.
null

 Тартысты өткен шараның қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Бас жүлдені» Еңбекші полиция бөлімінің «Қақпан» командасына берді. Бірінші орынды Шымкент қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция полкінің «Жол періштелері» командасы иеленді. Екінші орынға Төлеби аудандық ІІБ мен Әл-Фараби ПБ тұрақтады. Ал үшінші орынды - Қаратау ПБ мен Арыс аудандық ІІБ еншіледі.Сонымен қатар, жеңімпаздар «Ұйымшыл команда», «Өнерлі полицей», «Тапқыр команда», «Үздік капитан» және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша марапатталды.  Іс-шара соңы концертке ұласты.
null null null null  

Соңғы жаңалықтар