ОҚО-ның әртістері Финляндияның үш қаласында өнер көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әртістері Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өтіп жатқан «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық Ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншілердің құрамында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов пен Ұлбала Ермұхаметова, Облыстық опера және балет театрының солистері  Ерлан Жандарбай және Үрәлхан Сейлбекова,  облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мұратбай Нұрмағанбетовтер бар. Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігінің хабарлауынша, оңтүстіктен аттанған өнер майталмандары фин елінің Хелсинки, Леппа Корпи  қалаларында өнер көрсетіп, шетелдіктердің айрықша ықыласына бөленуде.  Өз кезегінде Финляндиядағы Қазақтар қауымдастығының төрайымы  Гауһар Алмаханова да әншілерге өз алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
null null null 

«Елдің дәстүрлі әні, күмбірлеген күйі мен мың бұралған биі Қазақ елінің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізгендей. Биылғы Ұлыстың ұлы күні айрықша есте қаларлықтай. Барлықтарыңызға амандық,  дендеріңізге саулық, елдігі мен кеңдігін өнер арқылы да паш еткен дарынды елдің дарынды ұрпақтарына шығармашылық өрлеу, табыстар тілеймін"-деді Гауһар Алмаханова.
null 

Оңтүстіктің күміс көмей әншілері алдағы күндері Финляндияның тағы да бірқатар қалаларда өнер көрсетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар