ОҚО-ның әншілері Швецияда өткен Наурыз тойында өнер көрсетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысының Финляндияға аттанған бір топ әншілері  Швециядағы қазақ ұлттық мəдени орталығының Наурыз мейрамына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ыстық сәлемін арқалай барған өнер майталмандары шетелдегі қандастармен бірге Ұлыстың ұлы күнін тойлап, жырдан шашу шашты. Қазақтың әнін әуелетіп, қасиетті домбырамен күй шертті. Өз өнерлерімен шеттегі бауырластардың көңілінен шыққан мәдениет қызметкерлеріне Қазақстанның Швециядағы елшісінің көмекшісі Жәния Мухадиева мен орталықтың жетекшісі  Гүлмира Асылбековалар зор ілтипатын білдірді. Наурызға жиналған қауымды ұлық мерекемен құттықтады.

Айта кетсек,  2018 жылғы 17-24 наурыз күндері Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өтетін «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысу үшін оңтүстіктен бір топ әншілер  аттанған болатын. Олар күні бүгінге дейін Фин елінің  бірқатар қалаларын аралап,  концерттік бағдарламалармен жұртшылықты тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар