ОҚО-ға келген ресейлік кәсіпкерлер екіжақты келісімшарттар жасасты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Томск қаласынан кәсіпкерлер келіп, өндіріс орындарымен танысты. Қонақтар өңірдегі өндіріс орындарын аралап, жергілікті тауарөндірушілердің шығарып жатқан өнімдерін көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Құрамында 10 кәсіпкері бар делегацияны жеңіл және тамақ өнеркісібі,  ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалар қызықтырды. Бұл - ресейліктердің оңтүстік өңіріне екінші рет келуі. Себебі, бұл өңір Қазақстан бойынша кәсіпкерлердің ең көп шоғырланған аймағы саналады. Бұған дейін Томск кәсіпкерлері Түркістан қаласында болып, ондағы жиһаз шығаратын кәсіпкермен келісім шарт жасақан-ды. Нәтижесінде қазір қаланың жиһаздары Томск нарығына шығарылды. 
null

Енді осындай мүмкіндік өзге кәсіпкерлерге де туып отыр. Келісімдер оңтайлы жүргізілсе, Шымкенттік тауарлар көрші елдің нарығына жол тартады. Ресейлік делегацияны бастап келген Дмитрий Немытьковтың сөзінше көрші елдің өкілдерін негізінен кондитерлік, жеңіл өнеркәсіп, тері өнімдері мен  аяқ киімдер  қызықтырып отыр. Таурлар көңілден шықса Кеден одағы аясында Ресейден оңтүстікке немесе Оңтүстіктен Ресейге тауарлар экспортталатын болады.
null

«Бес компанияның мақсаты әр түрлі. Біреуі тауарын өткізу жағын ойласа, енді бірі  тауар алу жағын қарастыруда. Өзгелері импортты Ресейге өткізу мақсатында келіп отыр», - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімі жетекшісі Олжас Жансейітов.  

Соңғы жаңалықтар