ОҚО-да жыл соңына дейін 100 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 100 мыңға жуық жергілікті тұрғын табиғи газға қол жеткізетін болады. Ол үшін облыстық бюджеттен 14,1 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал 2017 жылдың қорытындысымен өңірдегі 57 елді мекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақтар саны 357-ге (42,3 %), яғни, 1 854 807 тұрғынға (65,3 %) жететін болады.
null 

Мұнан бөлек, осы жылы «Газли-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (әрі қарай АГТС) және Шардара ауданына №18 «Шардара» АГТС құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.

Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін «Газли-Шымкент» және отандық «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистральды газ құбырларынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд. текше метрді құрайды.
null  

Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елді мекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елді мекеннің 300-і (35,5 % ) немесе 1 755 307 тұрғыны (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді.

Соңғы жаңалықтар