ОҚО-да жыл басынан бері 27 адам суға кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 27 адам судан ажал құшқан. Бақилық болғандардың 14-і 12 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

nullТөтенше жағдайлар қызметі мамандарының сөзінше, қайғылы жағдайлардың болуына негізінен азаматтардың тыйым салынған орындарда шомылуы себеп болған. Сондай-ақ ата-аналардың балалар өміріне немқұрайлы қарауы да жеткіншектердің судың құрбаны болуына әкеліп соққан. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін сала мамандары облыс бойынша 130 рейдтік шара ұйымдастырған. Олар көпшілік шомылатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келеңсіз жағдайларды болдырмауға күш салған.
null

Ал жағажайларда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 24 адамға 266 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

nullnull 

Соңғы жаңалықтар