ОҚО-да туризм басқармасы құрылатын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында   туризм басқармасы құрылатын болды. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында мәлімдеді.  Аймақ басшысының сөзінше  жаңадан құрылатын басқарма туризмді жүйелі түрде дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансейіт Қансейітұлының айтуынша, облыс аумағында Ақсу жабағылы қорығы мен  Қасқасу демалыс аймағы, Сырдария өзені мен Шардара су қоймасының жағасы  секілді табиғаты әсем жерлерге туристерді тарту бойынша арнайы жоспарлар жасалынып жатыр екен. 

«Мен қазір облысымыздағы туризм саласына көп көңіл бөлемін. Облыста арнайы туризм басқармасын құру жайлы шешім қабылдадым. Себебі, туризм дегенді көп адамдар қыдыру деп ойлайды. Туризм қыдыру емес, туризм туристтік индустрия. Ол жеке үлкен бір сала. Себебі оның ішіне барлығы кіреді.  Туристер келу үшін қонақүйлер керек, мейрамхана, дәмханалар, түрлі демалатын орындар қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Сонымен қатар, өңір басшысы өз сөзінде туризмі жақсы дамыған Түркия, Германия секілді елдерді мысал ретінде айтып өтті. Бір ғана түріктердің өзі жылына туризмнің арқасында қазынасына 40 миллиард доллар қаржы түсіреді екен. 

Соңғы жаңалықтар