ОҚО-да Рамазан айына орай тегін қызмет көрсететін таксилер пайда болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Рамазан айының басталуына орай таксилер тегін қызмет көрсететін таксилер пайда болды. Отырар ауданында таңертеңнен бері 4 көлік жолаушыларды тегін тасымалдауда. Жағымды ақпаратты жергілікті тұрғын Еркеғали Таңатаров фейсбук әлеуметтік желісінде жария еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
«Бүгін Отырарда Рамазан айының басталуына орай түске дейін «Тегін такси» қызмет етеді. Осы сауапты іске атсалысқан барша жандарға Алланың разылығы жаусын деп, ұйымдастырушылар акцияға қосылам деушілер болса орталық «Арыстанбаб» мешітіне келсе болатынын хабарлайды»,- дейді Еркеғали Таңатаров.
null 

Ал, желіге жүктелген суреттерде көліктерге «ОҚО «Арыстанбаб» мешітінің жастар ісі өкілдігі» деген жазулары бар плакаттар ілінген. Яғни, бұл бастаманы аталған мешіттің қызметкерлері қолға алып отыр екен

Соңғы жаңалықтар