ОҚО-да өткен жылы апатты және үш ауысымды 21 мектептің мәселесі шешілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 82 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 32-нің құрылысы аяқталған. Оның ішінде, апатты және үш ауысымды 21 мектептің мәселесі шешілген.  Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Жансейіт Түмебаев халық алдындағы есептік жиында айтып өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің сөзінше, өңірде сондай-ақ жаңадан 133 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылып, балабақшалардағы орын саны 14 мыңға ұлғайып отыр. Ал, балабақшамен қамту деңгейі 87,1 пайызға жеткен. Ағымдағы жылы білім саласында 63  нысанның құрылысына 14,4 млрд қарастырылып, 41 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 Жиында сондай-ақ жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Әкімге сұрақ қойған жастар жағы қалада 100 мыңнан аса студент бар екенін айтып, олардың небәрі 6 мыңы ғана жатақханамен қамтамасыз етілгенін көтерді. Бұл мәселеге Жансейіт Түймебаев алдағы уақытта облыс орталығынан бірнеше оқу орнының жастары бір жерге шоғырланатын жастар жатақханасы мен асхана, демалыс орны бар кешен салынатынын атап өтті. Аймақ басшысы сондай-ақ жетім балалар уақытша тұратын «Жасөспірімдер үйі»  келешекте «Жастар үйі» болып өзгеретінін, онда ата-анасыз өскен жастар 29 жасқа дейін тұрақтай алуы үшін арнайы тапсырма беруге уәде етті. 

Соңғы жаңалықтар