ОҚО-да «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қала-аудандардан 30 жанұя қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқауға 322 жанұя қатысуға тілек білдірген. Ал, жеңімпаз болып Шымкенттік Каналбай Сейілбекұлы мен Ордабасы ауданынан келген Омаш Шапаевтың жанұялары танылды. Қос жанұяға Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама берілді. Одан бөлек  28 отбасыға бағалы сыйлықтар мен облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлының құттықтауын жеткізді.

«Өңірде 4-рет ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсатын өздеріңіз жақсы түсініп отырсыздар. Елбасының өзі бастап, бұл байқауға ұлттық дәрежедегі атақ берілуінің өзі ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңызын айшықтай түседі. «Отан отбасынан басталады» деп жатады. Егер отбасында береке болса, отбасында ынтымақ болсатын болса, онда біздің ортақ отанымыз Қазақстанда ынтымақ, Қазақстанда береке болады» деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Айта кетейік, бұл байқауға деген жұрттың қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Былтыр облыстан 294 отбасы қатысқан болса, биыл қатысуға тілек білдірген жанұялардың саны 300-ден асып отыр. 

null

Соңғы жаңалықтар