ОҚО-да медициналық тексерудің үшінші кезеңі басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық тексерудің үшінші кезеңі басталды. Осы шара аясында бүгіннен бастап  жоғары оқу орындарының студенттері флюрографиялық тексеруден өтіп жатыр.

null
Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен өткізілген шара жаман аурулардың алдын алу мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі. 

 Медициналық тексеру аясында бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының аулаларына жылжымалы флюрографиялық аппараттар қойылды. Сондай-ақ  өңірде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуеметтік бағдарламалар басқармасына қарасты жабық мекемелердегі адамдар флюрографиялық тексеруден өткізілді.
null  

«Екінші кезеңде Білім басқармасына қарасты 14 жабық мекемеде медицналық тексерулер жүргізілді. Енді үшінші кезеңде жоғары және орта оқу орындарындағы 75 мыңнан астам студентті қазан айына дейін түгел тексеруден өткізуді қолға алып отырмыз. Келесі аптада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне де осындай жылжымалы флюрографиялық аппарат қоямыз», - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Айта кетейік, халықты жаппай жылына бір рет флюрографиялық тексеруден өткізіп тұру жоспарлы түрде жүргізіледі. Жыл сайын облыс бойынша 1 млн. 198 мың 681 тұрғынды тексеру жоспарланса, оның 75572-ін студенттер құрайды. 2017 жылдың 3 айында жалпы жылдық жоспарға сәйкес халықтың 23,2%-ы тексеруден өтті.
null  

Соңғы жаңалықтар