ОҚО-да құтыру дертінен 2 адам көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2 адам құтыру дертінен қайтыс болған. Тағы бес тұрғын аса жұқпалы деген сібір жарасы мен аусылды жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірдің ауылшаруашылығы басқармасында өткен брифингте ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Омаров мәлімдеді.

Ветеринария  маманының сөзіне қарағанда, қара малдан ауру жұқтырған бес адам дер кезінде дәрігерге қаралып, тиісті ем қабылдаған.

Осы орайда, сала мамандары үй жануарларынан жұғатын вирусты инфекциялардың тарап кетпеуі мен оны  алдын алу бойынша сақтық шараларын күшейтуді қолға алмақ.

Соңғы жаңалықтар