ОҚО-да ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері басталды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

26 шілде мен 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшыларынан тікелей кеңес ала алады.
null

Осы күндер ішінде министрліктің басшылық құрамы облыстағы барлық аудан, қалаларда болып,  жергілікті тұрғындардың мәселесін шешу және еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін түсіндіру мақсатында жастармен және ауылдық округ активтері өкілдерімен кездесетін болады.

Министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен қолға алынған Еңбекмині күні Қазығұрт ауданынан бастау алды.

Қазығұрт ауданында болған жұмысшы топ әлеуметтік көмекті жаңғырту, «Өрлеу» жобасына қатысу, зейнетақы жүйесінің реформасы, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқығын сақтау сынды мәселелер бойынша аудан активімен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында мұнан бөлек, мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай етіп бейімдеу жайы да сөз болды.
null

Сонымен қатар,  ведомство өкілдері әлеуметтік көмек мәселесі бойынша тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. 

null

Соңғы жаңалықтар