ОҚО-да қос бірдей полиция қосыны ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан полициясының 25 жылдығы» мерекесі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында қос бірдей полиция қосыны ашылды. Жаңадан пайдалануға берілген полиция учаскелері қызметкерлері Ақсукент пен Қарабұлақ ауылы тұрғындарына қызмет көрсететін болады, деп хабарайды ҚазАқпарат.

Ғимараттар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған әрі ғаламторға қосылған. Онда орнатылған бақылау камералары учаскелік инспекторлардың жұмысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

«Жаңадан ашылған учаскелік полиция пункттері біздің қызметкерлерге көп мүмкіндік береді. Себебі, аталған елді мекендерде жиі қылмыс болады. Оны дер кезінде ашу керек. Енді осы аумақтан тез арада жетуге болады. Қылмыстың алдын алады, профилактикалық есепте тұратын азаматтармен жұмыс істеуге өте қолайлы болмақ», - дейді Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Ермахан Әбдіраманов

Сондай-ақ, бұл күні аудандық ішкі істер басқармасында тұрғындар үшін ашық есік күні өтіп, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Мерекелік медальмен қатардағы 48 қызметші марапатталып,  оларды ішкі істер органының ардагері Молдияр Оразалиев құттықтады. 

null 

null
null

Соңғы жаңалықтар