ОҚО-да «ЭтноАртФест» халықаралық фестивалі мәресіне жетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылған «ЭтноАртФест» халықаралық мәдени-этникалық фестивалі өз мәресіне жетті. Сайрам-Өгем ұлттық паркінде тамыздың 15-20 күндері аралығында өткен шарада қолөнер қалашығы құрылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «QazaqGeography» қоғамы бірлесіп өткізген шараға бас-аяғы 500-ге тарта қонақ қатысты. Олар Төлеби ауданындағы ұлттық парктің тамаша табиғатымен танысып, бес күн бойы таудың таза ауасымен тыныстады. Өздерімен бірге алып келген ақшатырларда түнеп,  өркениеттен алыс жерде өмір сүруді үйренді. Фестивальді ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл әртүрлі жастағы ел азаматтарының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
null 

«Алғашқы күні қонақтарымыз таудағы өмірге бейімделіп, орналасты. Кейінгі күндері биікте орналасқан көлдерге көтеріліп, Ұлттық парктің  табиғатын аралап көрді.  Одан бөлек, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырдық. Менің ойымша фестиваль өте танымды өтті. Қатысушылар өздерін табиғат аясында өмір сүріп, бір сынап көрді. Яғни, табиғатта тұра аламын ба, осындай шарттарда тұра аламын ба деп. Мысалы маған өте ұнады. Кез-келген жағдайда табиғатта тұра алады екенмін», - деді  «QazaqGeography» қоғамының менеджері Тоғжан Дәуітбаева.
null 
null 

Қонақтардың арасында Оңтүстік өңірінің тұрғындары көптеп болды. Олардың қатарында қарапайым жұмысшыдан спортшыларға дейін бар. Мәселен, «Жаңа талап» туристік компаниясының қолдауымен келген ескек есуші жастар таудың табиғатына тамсанып, тынығып алдық дейді. Әсіресе скайраннинг биіктікке жүгіру жарысының өте қызықты болғанын айтады.
null 

«Біз Оңтүстік Қазақстан облыстық ескек есу федерациясынан 8 спортшымызбен келдік. Келген күннен бері тау таста аралап, барлық жерін араладық. Өте қатты ұнады.  Бүгін скаиранинг тауға жүгіру спортына қатысып, 6 шақырым биіктікке жүгірдік. Жарысқа бізден басқа да спротшылар қатысты. Спорттың бұл түрі біздің жастарымыздың да қызығушылығын туғызды. Алдағы уақытта да жиі-жиі келіп тұрсақ деген жоспарлар құрдық», - дейді жаттықтырушы Еркебұлан Кеңесов.
null 

50-ге тарта туристер қатысқан жарыстың жеңімпазы болып   23 жастағы Мәлік Әбдіәсет танылды. Ол мәреге небәрі 43 минутта жетіп келді. Скаиранинг спортымен айналысып жүргеніне бір жарым жыл болған спортшы тау баурайындағы Сайрам су ауылында тұрады екен. Бір жылдан бері спорттың осы түрімен жаттығып, бірқатар жарыстарда жеңісмпаз атанған.

«Өткен жылы осы фестивальдегі жарысқа қатысып көріп едім, бірінші орын алдым. Содан бері қызығушылығым артып, әр қатысқан жарыстарда жылдамдығымды асырып жатырмын. Мәселен, Алматыда өткен жарыста 3-ші орын, Пик Нұрсұлтан шыңына шығу жарысында 1-ші орынды жеңіп алдым. Қазығұрт тауында 6 шақырым биіктікке 38 минутта шығып, рекорд жасадым. Ал, бүгін 2200 метр биіктікке шықтық. Қазір мені Алматы, Шымкент қаласының жаттықтырушылары шақырып жатыр. Болашақта Қазақстан және Әлем чемпионы атансам деген арманым бар», - дейді жарыстың жеңімпазы Мәлік Әбдіәсет.

Фестивальдің соңғы күні ұлттық паркте «Қолөнер» қалашығы бой көтерді. Онда күнгейдегі әр түрлі ұлттың этно-мәдени орталықтары салт-дәстүрлерін көрсететін көрме ұйымдастырып, ұлттық тағамдарын дайындады. Концерттік бағдарламалар қойып, өз тілдерінде ән шырқады. Би билеп, тауға келген туристерге көтеріңкі көңіл күй сылады. 
null  
null 
null 
null 
null 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар