ОҚО-да «Денсаулық жолы» керуені жолға шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Денсаулық жолы» керуені жолға шықты. Құрамында сан түрлі дәрігері бар мобильді топ апта бойы сырқаты сыр беріп, дерті дендеген тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Осылайша еліміздегі отандық медицина шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін де қолжетімді бола түсті. Дәрігерлер сапары 12 аудан мен Кентау, Түркістан қалаларын қамтиды. Бұл жолы мамандар артық дене салмағы мен семіздіктің қаупін төмендету мақсатында насихат жұмыстарын жүргізеді. Дұрыс тамақтану мен жеткілікті дене белсенділігіне байланысты кеңестер береді. Терапевт, педиатр, эндокринолог, онколог, кардиолог, невропатолог сынды дәрігерлер тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізіп, әлеуметтік маңызы зор аурулардың алдын алуға үндейді.
null

Айта кетейік, сала мамандары барлық қажет жабдықтармен қамтылған. Сондықтан, бұл тексерудің нәтижелері отандық медицина үшін жоғары әрі маңызды болмақ.

«Денсаулық жолы» керуеніндегі дәрігергерлер тұрғындарды жан-жақты медициналық тексеруден өткізеді. Салауатты өмір салтын насихаттап, аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіреді. Биылғы тұжырымдама бойынша, жұқпалы аурулардың, семіздіктің алдын алу мақсатында 4 бағыт бойынша мамандар ауданда көмек көрсетпек. Тұрғындар үшін қажетті мәліметтер мен медициналық анықтамалықтар таратылады. Кез-келген азаматқа тегін консультациялар жүргізіледі», - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Соңғы жаңалықтар