ОҚО-да біздің заманға дейінгі бірінші ғасырға тиесілі жәдігерлер табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырға тиесілі жәдігерлер табылды. Арыс өзені маңынан ежелгі дәуір тиындары мен астық сақтайтын құмыра шыққан. Археологтар сондай-ақ топ болып жерленген адамдардың аты-жөндері жазылған тақтайшаны қазып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Табылған тиында Құшан мемлекетінің билеушісі Вима Такто аттың үстінде бейнеленген. Дәл осы тиын Қаңлы мемлекетінің қай ғасырларда болғаны мен ежелгі қаланың қай кездерге тиесілі екенін анықтап берді. Яғни, тиын біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырдың 80-90-шы жылдарында пайдаланылғанын дәлелдейді»,-дейді археолог Константин Худоерко.
null

Оның сөзінше, Вима Такто дәл осы жылдары елді басқарған кісі болған. Ал тиынның екінші бетінде Құшан патшалығының билеушісі бейнеленген. Осы тиындар сол дәуірдегі Құшан патшалығы мен Қаңлы мемлекетінің арасында сауда-саттық болғанын көрсетіп отыр. Археологтар тарихи орыннан табылған қөне бұйымдар да осы ғасырға тиесілі дегенді айтады.

Қазір археологтар Ордабасы ауданына қарасты Сары арық ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізуде. Тарихқа сүйенсек осы жер Ғұндар мемлекетінің мекен еткен аумағы саналады. Бұл жерден табылған жәдігерлер әбден зерттеліп болған соң Ұлттық музейге қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар