ОҚО-да бес мыңнан астам шаруа субсидияға қол жеткізе алмай жүр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бес мыңнан астам шаруа субсидияға қол жеткізе алмай жүр. Сайрам ауданы диқандарының айтуынша,  көктемгі егіс науқанына деп бөлінген миллиондаған ақшаны  өткен жылы жергілікті әкімдіктегілер игере алмай, кері қайтарған.

null

Салдарынан қарапайым шаруа кеткен шығынның өтеуін кімнен аларын білмей дал болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null 

Сайрам ауданында бес мыңнан астам шаруа бар болса, олардың барлығы өткен жылы егістікке берілуі тиіс субсидиядан қағылған. Себебі, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың тәртібі өзгергендіктен оны қайта қалпына келтіріп, құжат ресми күшіне енгенше жылдың соңы болыпты.

null 

«Бізге сала мамандары жаңа ережені кеш түсіндірді. Құжаттарды да дер кезінде тапсыра алмадық. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау емес қой»,-дейді ашынған шаруа.

null 

Белгілі болғандай, Сайрам ауданы әкімдігі субсидиялау бағдарламасы бойынша 164 миллионнан астам теңгенің бар-жоғы 16 миллионын шаруаларға беріп, қалған 148 миллион теңгесін игеру мүмкіндігі жоқ екендігіне байланысты кері қайтарған.

 null

«Сайрам ауданының әкімшілігі 4 СХ және 29 СХ негізінде 5000-нан астам фермерге жаңағы 148 млн теңгеден астам субсидия беру керек еді. Ал, олардың жасап отырған ісі адамның ақылына да, заңға да сәйкес келмейді деп ойлаймын»,- дейді Қазақстан фермерлер одағы облыстық бөлімшесінің басшысы Жүсіп Шәріпов. 

null 

Шаруалардың дер кезінде мемлекет тарапынан берілетін қаражатты ала алмағанын сала мамандары да растап отыр. Әрі оған шаруалардың кінәсі жоқ екенін айтады.

null 

 «Сол былтырғы қабылданған тиісті нормативтік құқықтардың кешігіп шығуы себеп болып отыр. Бұл жерде шаруалардың ешқандай кінәсі жоқ»,-дейді Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев. 

null

Соңғы жаңалықтар