ОҚО-да басқарма басшылары ауысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес бірқатар басқармаларда ротациялау тәртібімен ауыс-түйіс орын алды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Өңірдің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы болған Бастар Әуелханұлы Есқараев  атқарып отырған лауазымынан босатылды. Шенеунік енді тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасында  ротациялау тәртібімен басшылық қызмет атқарады.

Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралқызы Темірбаева да атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы - Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев бұдан былай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына ротациялау тәртібімен тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар