ОҚО-да алимент төлемей жүрген 134 адам жұмысқа тұрғызылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында балаларына алимент төлемей жүргендермен күрес күшейіп келеді. Биылдың өзінде 84 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екеуіне қатысты сот үкімі шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, 612 борышкер жұмыссыздар есебінен шығарылып, оның 134 жұмысқа тұрғызылды. Осындай нақты шаралар қолданудың арқасында жыл басынан бері 19 млн теңгеден астам алимент берешек қарыз өндірілді.

Қадағалау органы өкілдерінің бастамасымен қолға алынған «Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында сот орындаушылар мен ішкі істер қызметкерлері, прокуратура және басқа да уәкілетті органдар өкілдерінен мобильдік топтар құрылды. Топ мүшелері борышкерлердің мекенжайын анықтап, олардан алимент өндірудің жолдарын қарастыруда. Бұл бағытта туындайтын мәселелерді шешіп, қажет болғанда борышкерлерге тығырықтан шығудың жолын көрсетеді. Сондай-ақ олардың міндетіне алимент өндіруде заңдылықты, шынайылықты дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

Соңғы жаңалықтар