ОҚО-да алғаш рет хор ұжымдарының «Дауыстар үндестігі» фестивалі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет хор ұжымдарының  "Дауыстар үндестігі" фестивалі өтті.  Облыстық мəдениет басқармасы мен мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараға өңірдің аудан, қалаларынан іріктеуден өткен 10 хор ұжымы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен халық шығармашылығындағы хор жанрын дамыту мақсатында өткен байқауда Қазақстан композиторларының Отан, туған жер тақырыбындағы патриоттық   шығармалары орындалды.

null null 

Талантты хор ұжымдарын анықтау мен олардың шығармашылықтарына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған фестивальде қатысушылар хорға арнап өңделген әндерді шырқады. Жеңімпаздар мен байқауға қатысушы хор ұжымдарына арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар болса бұл шараның келер жылы да байқау түрінде өтетінін мәлім етті. Кеш соңы Ордабасы аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Аудан келбетін айқындайтын қолөнер жəне кітап көрмесі көрермен көзайымына айналды.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар