ОҚО-да әлеуметтік желі арқылы Сирияға баруға үгіттеген азамат сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі арқылы азаматтарды Сирияға баруға үгіттеген оңтүстікқазақстандық тұрғын бас бостандығынан айырылды. Сайрам аудандық соты 27 жастағы тұрғынды 5 жылға соттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сот барысында айыптау үкімін оқыған судья Салтанат Қабылова Әбілқасым Қажырхановтың ұялы телефон арқылы әлеуметтік желілерге шығып, терроризмді насихаттағаны үшін сотталатынын айтты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы 2 бөлігімен «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2017 жылғы 20 сәуірге белгіленді.

Еске салайық, тергеу барысында айыпталушы ВКонтакте әлеуметтік желісіне тіркеліп, ұзақ уақыт экстремистік насихат жұмыстарын жүргізген. Ол қасиетті мұсылмандар соғысына қатысуға, экстремистік топтарға қолдау көрсетуге шақыратын материалдар салып отырыпты. Таяу Шығыс пен Сирияда жиһад жасауға үгіттеген. Оның әкесі де осындай заңға қайшы әрекеті үшін жазасын өтеуде екен.

Соңғы жаңалықтар