ОҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі көшпелі жиын өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікт Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі көшпелі жиын өткізді. Осы ауданға жауапты және облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылы тұрғындарымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Әбілқасым Үсіпбайұлы елімізде қолға алынған Әдеп жөніндегі пилоттық жобаның мақсатымен таныстырып өтті. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы құқықбұзушылықтың салдарымен емес, оның себептерін анықтауға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, кеңестің міндеттерінің бірі мемлекеттiк қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алу екендігіне тоқталды. Егер  мемлекеттік қызметшілер немесе мекемелер тарапынан орын алған кез келген құқықбұзушылықтар туралы шағымдарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің ОҚО бойынша департаментінің 8(7252) 51-51-51 сенім телефонына қалдыруға болатынын түсіндірді.

Айта кетейік, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру болып табылады. Осы орайда, оңтүстік өңірінде пилоттық жобаны енгізу аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің арнайы бланкілері әзірленді. Енді Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өз атынан мемлекеттік мекемелерге арнайы әзірленген бланкілерде сұрау жолдауға мүмкіндік алды. Оған қоса, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітіліп, облыстағы әрбір аудан, қалалармен жұмыс жасайтын Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшелері айқындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар