ОҚО-да «Адам саудасы» үздік әлеуметтік жоба деп танылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне жолдауға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 10 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен «Сана Сезiм» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының президенті Хадиша Абышеваның «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған бұл конкурсқа облыстағы аудан, қаладан қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар және заңды тұлғалар қатысты.  Келіп түскен жобалар облыстық іріктеу комиссияның отырысында қаралған болатын.

Айта кетейік, үздік жобаны ұсынған «Сана Сезiм» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени сынды қызмет түрлерін көрсетеді.

Енді орталықтың әлеуметтік жобасы облыс атынан 2017 жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық көрмеге қатысатын болады.

Айта кетейік, елімізде отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар